Оралда жүргізуші әйел қарсы жолаққа шығып кетіп, полицейлер отырған көлікк барып соғысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оралда жүргізуші әйел қарсы жолаққа шығып кетіп, полицейлер отырған көлікк барып соғысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әйел адам Renault Sandero Stepway көлігімен келе жатқан. Бірде көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, Volkswagen Passat көлігіне барып соғылған. Ол көлікті полицияның екі қызметкері отырған. Қызметкерлер жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілген.
© Tengrinews.kz
Жүргізуші әйелдің өзі сол уақытта жұмысқа бара жатқанын және сол кезде оның жолын басқа бір көлік кесіп кеткенін айтады.
Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. ІІД мәліметінше, осы жол-көлік оқиғасы видеотіркеу құрылғысында бар.