04 қазан 2015 | 23:07

Оралда жүргізуші жүкті әйелді қағып, ірі жол апатын жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Mgorod.kz © Mgorod.kz

Оралда жүргізуші жүкті әйелді қағып, ірі жол апатын жасады, - деп хабарлайды "Мой город".


Иконка комментария блок соц сети

Оралда жүргізуші жүкті әйелді қағып, ірі жол апатын жасады, - деп хабарлайды "Мой город".

Оқиға 4 қазанда болды. Куәгерлердің айтуынша, Lifan автомобилі Құрманғалиев көшесінде келе жатқан. Ол жаяу жүргінші жолында жол беріп жатқан "ВАЗ-2106" көлігін соғып, оқиға орнынан із жасырды.

Бұдан кейін ол сол көшеде келе жатып, келесі жаяу жүргінші жолында бір қызды қағып кеткен. "Мен №4 емханадан шығып келе жатып, айнаға қарасам Lifan үлкен жылдамдықта келе жатты, дәл маған ұшып келе жатты. Мен одан қашып құтылу үшін қарсы бағытқа шығып кеттім. Ол дәл жанымнан өтті. Ал қыз жолдан өтіп бара жатыр еді, оны қағып кетті", - деді куәгер.  

Жүктіліктің үшінші айындағы келіншек алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды. Жүргізуші тағы да оқиға орнынан қашып кетпекші болған, алайда Құрманғалиев-Шолохов қиылысында ол Toyota Land Cruiser автомобилімен соғысып қалып, тұрып қалды. Оқиға орнында криминалистер мен полицейлер жұмыс істеп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети