Оралда қара түтін жұртты шошытты

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда қара түтін жұртты шошытты mgorod.kz

Түнде қалада қара түтін шыққан. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, адам төзгісіз иіс түн ортасына таман сезіле бастаған. Асан ауылының маңындағы ірі көлемдегі қалдықтарға арналған полигонда өрт шыққаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mgorod.kz басылымына сілтеме жасап.

Орал әкімдігі өрт сөндіру қызметіне қоңырау 27 тамызда сағат 18.25-те түскенін хабарлады.

"Ресми болжам бойынша, белгісіз біреулер түсті металл алу үшін кабельдерді өртеп жіберген, өрт "Жайық Таза Қала" ЖШС карьерінің аумағына өтіп, құрғақ шөптер мен бұталарды өртеп, шамамен 1 гектар алаңда орналасқан қоқысқа ауысқан. Елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ", - деді әкімдік баспасөз қызметі өкілдері.

Өрт орнында үш бірлік техника және жеке құрамнан 12 адам, 34 бірлік техника және "Жайық Таза қала" ЖШС-нің 19 қызметкері, ТЖ басқармасының бес бірлік техникасы, өрт сөндіру қызметінің үш бірлік техникасы жұмыс істеп жатыр.

Өрт ауыздықталған жоқ. Өртті сөндіру жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети