Оралда жол шетімен жүріп бара жатқан жігітті көлік асқан жылдамдықпен қақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оралда жол шетімен жүріп бара жатқан жігітті көлік асқан жылдамдықпен қақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Полицейлер 8 маусымда Сергей Тюленин көшесінде болған ЖКО-ға кінәліні анықтап жатыр. Toyota Camry маркалы көлігі қатты жылдамдықпен жол шетімен кетіп бара жатқан Владимир Рослановты қағып кеткен. 20 жастағы жігіт қалалық көпсалалы ауруханада ауыр күйде жатыр.
Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жігітің әкесінің сөзінше, ол жақында ғана әскерден оралған, ал Toyota Camry иесі кінәсін мойындамай отыр.
"Біз оқиғаның куәгерлерін іздеп жатырмыз. Ол өте қатты келе жатты. Ал қазір оның алдынан өзге көлік кесе көлденең шыққандықтан осылай болды деп айтады", - дейді Николай Росланов.
Зардап шеккен жігіттің анасы ұлының ҰҚК академиясына тапсыруға құжат жинап жүргенін айтады. "Владимир тубуркулез диспансерінен қайтып келе жатқан. Жол шетімен жүрген. Қазір жансақтау бөлімінде, бізге кіруге рұқсат бермей жатыр. Дәрігерлер оның жарақаты ауыр екенін айтады, орайында ісік бар", - дейді Оксана Росланова.
Жол апаты көлік жөндеу орталығының маңында болған, оның иесі оқиғаның мән-жайын айтты.
"Көлік өте жылдам келе жатты, жүргізуші бірден үш көлікті басып озбақ болған. Ие бола алмай қалды. Жігітті қағып кеті. Соққыдан ол ұшып барып, тоқтап тұрған ВАЗ-2114 көлігіне соғылды", - дейді ол.
Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері жедел жәрдем 8 маусым сағат 13:39-да шақыртылғанын атап өтті. "1997 жылы туған ер адам бас-ми жарақатын алды, миы шайқалды, жамбас сүйегі сынды. Ол жансақтау бөлімінде ауыр хәлде жатыр", - дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақбосынова.
Қазір бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабының 2-тарауы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.