Оралда көріпкелдің тегін сеансына кіруге келген зейнеткерлер кезекте сығылысып, зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда көріпкелдің тегін сеансына кіруге келген зейнеткерлер кезекте сығылысып, зардап шекті © nadezhda.kz

Оралда көріпкел Анатолий Кашпировскийдің тегін сеансына кіремін деп келген зейнеткерлер кезекте сығылысып, зардап шекті, - деп хабарлайды "Надежда" басылымы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда көріпкел Анатолий Кашпировскийдің тегін сеансына кіремін деп келген зейнеткерлер кезекте сығылысып, зардап шекті, - деп хабарлайды "Надежда" басылымы.

Басылымның мәліметінше, кезекте тұрған екі адам зардап шеккен. Олардың бірі - 66 жастағы ер адам. Ол бір топ адамның ішінде тұрғанда оны басқа біреулер басып таптап кеткен, нәтижесінде ол ес-түсінен айырылып, жедел жәрдем шақыртуға тура келген.

"14 қарашада сағат 13.57-те жедел жәрдем станциясына хабар келді. Зардап шеккен ер адам қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Тегін сеансқа кіремін деп кезекте тұрғанда оны барлығы басып кеткен. Қажетті медициналық көмек көрсетілген соң, үйіне амбулаторлық ем алуға жіберілді", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, осыған дейін де Оралдың тағы бір тұрғыны осылай көріпкелдің тегін сеансына келіп, кезекте тұрамын деп зардап шеккен. Бірақ ол жедел жәрдемнің көмегінен бас тартқан екен. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети