Оралда мектеп оқушылары газдан уланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда мектеп оқушылары газдан уланды © Tengrinews.kz

Оралда № 40 орта мектебінде 300-ге жуық оқушы белгісіз газдан уланғаннан кейін эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда № 40 орта мектебінде 300-ге жуық оқушы белгісіз газдан уланғаннан кейін эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқу орнынан бес оқушы мен бір мұғалім ауруханаға жеткізілді. 

№ 40 орта мектебінің директоры Мақсұт Галиевтің айтуынша, шамамен сағат таңғы 11-де үзіліс кезінде үшінші қабатта газдың иісі шыға бастаған. 

"Жедел жәрдем мен полицейлер шақыртылды. Мектеп толығымен эвакуацияланды", - дейді ол. 

Tengrinews.kz©

Алдын ала нұсқа бойынша, жоғарғы сыныпта оқитын балалардың бірі газ балонын ашып жіберген секілді. Мектепке жедел әрекет ету қызметі мен кинологтар келген. 

"Оқиға орнына жедел топ жіберілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді БҚО ІІД өкілдері. 

Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мектепке бірнеше жедел жәрдем каретасы жіберілгенін айтады. 

"Үш оқушы белгісіз газдан уланды деген диагнозбен жеткізілді. Олар облыстық ауруханаға жеткізілді. Кейінірек мектепке тағы төрт бригада жөнелтілді, олар 12 оқушыны алып келді. Дәрігерлер балалардың жағдайын үнемі бақылауда ұстады. Олардың өміріне еш қауіп болмаған соң, үйлеріне қайтарылды", - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілі Айнагүл Сақбосынова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети