1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Оралда мектеп оқушысы жоғалып кетті20 ақпан 2020, 11:37

© Мой Город © Мой Город

15 жастағы Яна Кострыкина 18 ақпанда таңғы сағат 8:00 шамасында мектепке шыққаннан үйге оралмаған, - деп хабарлайды "Мой Город"

Яна Кострыкина №26 орта мектебінің оқушысы. Анасы Светлана Кострыкинаның айтуынша, қызы сол күні мектепке жетпей жоғалып кеткен. 

"Маған сол күні мектептен хабарласып, Яна келмегенін айтты. Мен оған хабарласқан кезде алғашында қоңырау барып тұрды. Артынша телефон сөндірулі болды. Әлеуметтік желілерге де кірмеген. Оның барлық танысы мен достарына хабарластым. Бұрын ол қай жерде жүргені туралы айтып отыратын. Ескертпегеннің өзінде әкесімен жүретін. Бірақ бұл жолы ол еш жерде жоқ", - дейді қыздың анасы. 

Яна жоғалып кеткен күні үстінде көк күртеше, қысқы кроссовка мен мектеп формасы болған. Мектеп өкілдері оқушының жоғалғаны туралы ақпаратты растаған. Алайда пікір білдіруден бас тартқан. 

Янаның анасы қызы жоғалып кеткені туралы полицияға арыз жазбақшы. Қыздың туыстары қандай да бір ақпарат білген адам 8 776 915 9675 байланыс нөмірі арқылы хабарласуын сұрайды.