Оралда мерзімді қызметтегі сарбаз өз-өзіне қол салды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда мерзімді қызметтегі сарбаз өз-өзіне қол салды Фото: mgorod.kz

Орал әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі сарбаз өзін-өзі атып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі сарбаз өзін-өзі атып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 16 маусымда сағат 05.30-да 5517 әскери бөлімінде болған. Әскери бөлім командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жәнібек Сәрсеновтің айтуынша, сарбаз қызмет кезінде басына оқ атқан.

"Жедел жәрдем сарбазды ауруханаға жеткізді, бірақ оны құтқару мүмкін болмады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу аясында өзге ақпарат жарияланбайды", - деді Жәнібек Сәрсенов.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметі бойынша, әскери қызметкер облыстық көпбейінді ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген.

"Сарбаз алған жарақатына байланысты жансақтау бөлімінде қайтыс болды", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілі.

Сарбаз әскери қызметке Ақтөбеден шақырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети