10 қаңтар 2018 | 01:19

Оралда мүгедек қызды нан сататын дүкенге кіргізбей қойған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© uralskweek.kz © uralskweek.kz

Орал қаласының орталығындағы нан сататын дүкендердің бірінде дүкеннің іші тар болғандықтан техникалық тыйым салынған деп, мүгедек арбасына таңылған қыздың кіруіне сатушы рұқсат бермей қойды. Оқиға 5 қаңтарда болған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".


Иконка комментария блок соц сети

Орал қаласының орталығындағы нан сататын дүкендердің бірінде дүкеннің іші тар болғандықтан техникалық тыйым салынған деп, мүгедек арбасына таңылған қыздың кіруіне сатушы рұқсат бермей қойды. Оқиға 5 қаңтарда болған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Қала тұрғыны Нұрбике Бисәлиеваның айтуынша, сол күні кешке оның жолдасы 16 жастағы қызымен нан алу үшін дүкенге барған. "Ол жерде кезекте адамдар тұрған, жолдасым барлығының шығуын күткен және ішке мүгедек арбасындағы қызымызбен кірген. Дүкенде бірнеше адам болыпты, жолдасым кезекке тұрған, сол кезде сатушы ашуланып, дүкенге арбамен кіруге болмайтынын айтқан. Ол дүкеннің арбаларға есептелмегенін, тіпті мүгедектер арбасы болса да кіргізуге болмайды деген. Ақыры менің жолдасыма қызмет көрсетпепті. Ол жер арбамен кіруге болмайды дейтіндей тар жер емес. Неге бұлай болғаны белгісіз, бұған дейін ол дүкенге барған болатынбыз. Мен мұны былай қалдырмаймын, себебі менің мүгедектер арбасына таңылған қызымды қорлады. Мен прокуратураға шағымданбақшымын", - деді әйел.

Басылымның мәліметінше, дүкенге иелік етуші нан зауытының директорына болған жайт баяндалып, тиісті шаралар қолданылған. "Оқиға сатушының әдепсіздігінің салдарынан болды. Ол дүкендегі жұмысынан шеттетілді. Сонымен қатар, оған сөгіс жарияланып, еңбек кітапшасына енгізілді", - деп түсіндірді Мұхаммед Исаев.  

"Уральская неделя" басылымының хабарлауынша, бұл оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. "Не болып кетті, адамдар???", - деп сұрап жатыр желі қолданушылары.

Басылымның мәліметтеріне қарағанда, Аружан есімді мүгедек қыздың басынан мұндай жағдай бірінші рет өтіп тұрған жоқ. Бұған дейін оған қаладағы шаштараздардың бірінде қызмет көрсетуден бас тартылған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети