04 мамыр 2018 13:44

Оралда парад кезінде бір топ оқушы талып қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ©Tengrinews.kz Сурет ©Tengrinews.kz

Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылатын парадтан оқушыларды жедел жәрдеммен алып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылатын парадтан оқушыларды жедел жәрдеммен алып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Алғашқы шақырту 09:12-де болған, дәрігерлер 09:17 жеткен. Мұғалім шақыртты, оқушы басынан жарақат алды. Жедел жәрдем келгенде тағы төртеуі басының айнаып тұрғанын айтты. Ол жерге үш жедел жәрдем көлігі барды. Оқушылар облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жатқызылды", - дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сакпусунова.

Оның сөзінше, ауруханаға жалпы сегіз оқушы жатқызылды: біреуі - жабық ми жарақатымен, жетеуінің алдын ала диагнозы зорығу. 

Куәгерлердің сөзінше, оқушылар қатарда тұрған, қадам жасай бастағанда кезек-кезек құлай бастапты. Алдымен 11 сынып оқушысы құлады, оны Петр Атоян стадионының мінбесінің астындағы бөлмеге алып кетті, осыдан кейін бір қыз талықсып кеткен. 

Осыдан кейін үш жедел жәрдем көлігі келді. Дәрігерлер алғашқы жәрдем көрсете бастады. "Олар бес минуттан кейін ғана естерін жиды. Оларға нашатырь мен су берілді", - дейді куәгерлердің бірі. 


Сурет ©Tengrinews.kz

"Сапта тұрғанмын, көзім қарауытып кетті. Есімді жиғанымда диванда жатыр екенмін", - дейді оқушылардың бірі. 

Стадион әкімшілігінің айтуынша, бірнеше күн бұрын маңайдағы саяжайда масаға қарсы дәрі себілген еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети