Оралда перзентхана қызметкері лифтке қысылып опат болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда перзентхана қызметкері лифтке қысылып опат болды Фото:mgorod.kz

Оралда перинаталдық орталықтың 50 жастағы қызметкерін лифт қысып опат болды, - деп хабарлайды "Мой город".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда перинаталдық орталықтың 50 жастағы қызметкерін лифт қысып опат болды, - деп хабарлайды "Мой город".

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 31 желтоқсанда таңертең болған. Облыстық перинаталдық орталықта 1971 жылы туған қызметкер қаза болғаны хабарланды. Ол жүк лифті мен шахта арасына қысылып опат болған. Денесін құтқарушылар алып шықты.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға туралы сағат 8.56-да хабар түскенін мәлім етті.

"Алдын ала мәлімет бойынша, әйел адам жүк лифтінің шахтасына құлап кеткен. Ол сол жерде жан тапсырған. Ол медициналық мекемеде вахташы болып жұмыс істеген. Бұл дерек бойынша тергеу басталды", - деді полиция өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course down  603.27  course down  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети