26 қараша 2021 12:00

Оралда полицейлер баланы құтқарып қалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда кішкентай бала тұрғын үйдің төртінші қабатында ашық тұрған терезе алдында болған. Полицейлер оқиға орнына жедел барды. Олар қайғылы жағдайдың алдын алып, баланы құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оралда кішкентай бала тұрғын үйдің төртінші қабатында ашық тұрған терезе алдында болған. Полицейлер оқиға орнына жедел барды. Олар қайғылы жағдайдың алдын алып, баланы құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаменті 25 қарашада сағат 13.00 шамасында 102 пультіне қоңырау түскенін хабарлады. Куәгерлер төртінші қабаттағы терезе алдында кішкентай бала тұрғанын хабарлаған.

"Оқиға орнына жақын маңдағы патрульдік полиция батальонының экипажы мен учаскелік инспектор дереу жіберілді. Оқиға орнына келген қызметкерлер баланы қорқытпау және құлап кетпеуі үшін есіктен онымен сөйлесе бастаған. Олар баланы көндіріп, есікті ашқан. Пәтерде баладан басқа ешкім болмаған", - деді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Полиция қауіп төніп тұрған кезде баланың анасын тапқанын айтты. 23 жастағы әйелдің айтуынша, бес жасар ұлы түске дейін мектепке дейінгі мекемеге барады. Түстен кейін бала үйде жалғыз қалады. Ана баланы жалғыз тәрбиелеп, жұмыс істейді. Әйелге баланың жауапкершілігі туралы ескертіліп, профилактикалық әңгіме өткізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети