Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Оралда полицейлер ер адамды өрттен құтқарып алды

04 Мамыр 2015, 17:09
0
©Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі
©Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері ер адамды өрттен құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аға лейтенант Мұхит Әбілқайыровтың айтуынша, өрт туралы оларға көшеде кетіп бара жатқан адам хабарлаған. "Оқиға орнына келген кезде көпқабатты үйдің терезесінен шығып жатқан өртті аңғардық. Үйге кіру мүмкін болмаған соң терезе арқылы кіруді ұйғардық. Үйге кірген кезде есіктің кілтін таба алмай, есінен танып құлаған ер адамды байқап, сырқа балкон арқылы алып шықтық", - деді ол.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, оқиға орнына құтқарушылар келіп, өртті ауыздықтады. Есінен танған ер адам облыстық ауруханаға жіберілді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай