Оралда полиция көлігіне мінгескен тұрғынның әдепсіз қылығы видеоға түсірілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда полиция көлігіне мінгескен тұрғынның әдепсіз қылығы видеоға түсірілді Видео кадры

Желіде полиция көлігіне (УАЗ) мінгесіп алып, әдепсіз қимылдар жасаған ер адамның видеосы тарады. Видеоны оқиғаның куәгерлері түсіріп алған. Орал полицейлері бұзақының жеке басын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде полиция көлігіне (УАЗ) мінгесіп алып, әдепсіз қимылдар жасаған ер адамның видеосы тарады. Видеоны оқиғаның куәгерлері түсіріп алған. Орал полицейлері бұзақының жеке басын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Орал қаласының көлік көп жүретін көшелерінің бірінде, орталық базар маңында болған. Бұл кезде полиция көлігі аумақты бақылап жүрген.

Полиция департаменті мәліметінше, 37 жастағы ер адам ұсталған.

"ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы "Жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жол жүру ережелерін бұзуы", ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы "Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу", ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша хаттамалар толтырылды. Материалдар әкімшілік сотқа қарау үшін жіберілді", - деді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, кейінірек Желіде ұсталған азаматтың қоғамдық орында жасаған әрекеті үшін кешірім сұраған видеосы жарияланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети