Оралда сабаққа барғысы келмеген студент қыз полицияға жалған шағым түсірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда сабаққа барғысы келмеген студент қыз полицияға жалған шағым түсірген © Тұрар Қазанғапов

Оралда сабаққа бармағанын жасырғысы келген студент қыз полицияға өзінің ұрланғаны туралы шағым түсірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда сабаққа бармағанын жасырғысы келген студент қыз полицияға өзінің ұрланғаны туралы шағым түсірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, колледждің 19 жастағы студенті бірнеше күн бойы себепсіз сабаққа бармаған. Өз қателігін жасырғысы келген ол ерекше айлаға барады.

"Студент полицияға хабарласып, өзін белгісіз адамдардың ұрлап әкетіп, қала сыртына ес-түссіз күйде тастап кеткенін айтады", - деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Гүлмира Кенжеғалиева.

Тергеу амалдары барысында ұрлау туралы хабарламаның жалған екені анықталды. Жалған хабар жөніндегі іс сотқа жіберілген. Сот шешімімен студент қыз "Адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан не пайдакүнемдiк ниетпен жасалған көрiнеу жалған сөз жеткiзу" бабы бойынша кінәлі деп танылды. Оған 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы кесілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети