26 сәуір 2018 | 15:42

Оралда сәбиін құрылыста тастап кеткен әйел баланы өзіне қайтарып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© unsplash.com © unsplash.com

Жаңа туған нәрестесін құрылыс аумағында тастап кеткен әйел ата-ана құқығын қайтарып алды. Бұл туралы Орал қаласының білім басқармасының өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Жаңа туған нәрестесін құрылыс аумағында тастап кеткен әйел ата-ана құқығын қайтарып алды. Бұл туралы Орал қаласының білім басқармасының өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Батыс Қазақстан облысының ювенал соты 2018 жылдың 17 сәуірінде осындай шешім шығарды. Дегенмен бұл туралы қазір ғана белгілі болды. 

21 жастағы әйел жасөспірімдер істері бойынша облыстық соттың шешімімен ата-аналық құқынан айырылған болатын. 

"Қазір әйелдің құқы қалпына келтірілді. Осы уақыт бойы Әлижанның анасы балалар үйіне келіп тұрды. Өзі дұрыс шешімге келіп, жалпы мұндай оқиға қайталанбаса екен деп ойлаймыз. Сот үкімі заңды күшіне енгенше ұл балалар үйінде болды, енді оны анасына қайтарады", - деді Оралдың білім басқармасының жетекші маманы  Әлфия Дүкенбаева. 

Еске салайық, 2017 жылдың 26 маусымында салынып жатқан үйдің терезесіндегі ойықтан жаңа туған нәресте табылған болатын. Кейін баланың анасы табылды. Орал қаласының тұрғыны еш жерде жұмыс істемейтін болып шықты. Оның айтуынша, ол сәбиін балалар үйіне апармақ болған, алайда, мекенжайын таппаған екен. 

Мұның алдында әйел "Қауіпке қалдыру" бапы бойынша айыпты деп танылып, 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасы кесілген. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети