Оралда студенттер жаппай төбелес шығарды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралдағы студенттер төбелесі медициналық колледж жатақханасы маңында болған. Полиция факт бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралдағы студенттер төбелесі медициналық колледж жатақханасы маңында болған. Полиция факт бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде таралды. Өңірлік полиция департаменті мәліметінше, 3 қыркүйекте кешкі сағат 22.00 шамасында Жәңгір хан көшесінде орналасқан медициналық колледж маңында жаппай төбелес болған.

"Полиция қызметкерлері бұл оқиғаға қатысқан барлық адамды анықтады. Олар істің мән-жайын анықтау үшін Зачаган полиция бөліміне жеткізілді. Бұл факт бойынша қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша соталды тергеу басталды", - деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Медициналық колледж әкімшілігі екінші курс студентін басқа оқу орынының студенттері ұрғанын мәлімдеді.

"Оқу орнымыздың күзеті дереу жедел медициналық көмек шақырған. Зардап шегуші өңірлік көпбейінді ауруханаға жеткізілген. Қазір жағдайы жақсы, сабақта", - деді Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі директорының орынбасары Шынар Көбиева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети