06 наурыз 2018 12:22

Оралда сынып жетекшісі оқушылардың көзінше қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет © Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық сурет © Тұрар Қазанғапов

Орал қаласында № 32 мектептің бітірушілер сыныбының жетекшісі оқушылар алдында көз жұмды, - деп хабарлайды "Уральская неделя".


Орал қаласында № 32 мектептің бітірушілер сыныбының жетекшісі оқушылар алдында көз жұмды, - деп хабарлайды "Уральская неделя".

Оқиға М. Өтемісов атындағы БҚМУ қабырғасында болған. Сынып жетекшісі оқушыларды ҰБТ-ға дайындық тестін тапсырауға Университетке ертіп келген екен. 

"Оқушылар аудиторияларға кірген, ал әйел дәлізде қалған. Шамамен 13:10-да әлсірей бастаған. Біз өз күшімізбен көмек көрсетпек болып, жедел жәрдем шақырдық. Алайда олар жедел болмай шықты, келгенше жарты сағат өтті. Дәрігерлер келісімен, әйелдің өлімін тіркеді. Түскі үзіліс болғандықтан, университет дәрігері түскі асқа кеткен болатын. Нақты диагнозын білмейміз, бірақ, әйел адамның қан қысымы жоғары болған екен", - дейді университеттегі ҰБТ орталығының өкілдері.

Облыстық денсаулық басқармасы оқиғаға қатысты кейінірек пікір білдіруге уәде берді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети