Оралда жантүршігерлік қайғылы оқиға болды. Дәрігерлер түйреуіш жұтып қойған алты айлық баланың өмірін сақтап қала алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оралда жантүршігерлік қайғылы оқиға болды. Дәрігерлер түйреуіш жұтып қойған алты айлық баланың өмірін сақтап қала алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыстық балалар ауруханасы мәліметінше, бала медициналық мекемеге ауыр халде түскен. Ата-анасы бір апта бойы баланың дәреті қара түсті болғанын айтқан. 9 қарашада кешке жедел жәрдем станциясына қоңырау түскен.
"Алты айлық қыздың ата-анасы баланың іші қатты ауырғанын айтты. Бала ес-түссіз күйде түсті. Бірден рентгенге түсіріп, асқазан-ішек жолында түйреуіш тұрғаны анықталды, түйреуіш ашылып қалған. Қызды құтқару мүмкін болмады. 9 қарашада сағат 23.00 шамасында бала жансақтау бөлімінде көз жұмды", - деді облыстық балалар ауруханасы емдеу бөлімі директорының орынбасары Юлия Горячева.
Полицейлер баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілгенін айтты. Оның қорытындысын алғаннан кейін қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіледі.
2020 жылдың қаңтарында Атырауда 11 айлық бала пульт батареясын жұтып қайтыс болғаны хабарланған еді. Нәресте асқазанындағы қауіпті затпен бес күн бойы жүрген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!