25 қыркүйек 2018 | 09:34

Оралда үш баланың анасы жоғалып кетті. Оның 55 мың теңге ақшасы болған

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иралия Камышева 13 қыркүйекте үйінен шығып, жоғалып кеткен. Иралия Камышева 13 қыркүйекте үйінен шығып, жоғалып кеткен.

Оралда 38 жастағы үш баланың анасы Иралия Камышева жоғалып кетті. Әйел 2018 жылы 13 қыркүйекте үйінен шыққан және одан бері оралмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Оралда 38 жастағы үш баланың анасы Иралия Камышева жоғалып кетті. Әйел 2018 жылы 13 қыркүйекте үйінен шыққан және одан бері оралмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жұбайы Дмитрий Молчановтың айтуынша, жары жұмыс істемейтін, үй шаруасымен айналысатын. Отбасында үш бала бар. Тұңғышы 17, ортаншысы 10 және ккенжесі 8 жаста. 

"Иралия үшінші мектептің аумағында тұратын құрбысына кеткен. Телефонын алмады, қуат көзіне қойып кеткен. Ішінде құжаттар мен 55 мың теңге көлемінде ақша болған сөмкені алып кетті. Төрт күн бұрын такси жүргізетін ер адам хабарласты. Ол сөмкені саябақта тауып алыпты, бұтақ түбінде жатыр екен. Бірақ ішінде ақша жоқ. 21 қыркүйекте әйелді куәгерлер Дерқул ауылында байқағаны туралы хабар түскен. Бірақ оны таппадық. Полицейлердің айтуынша, жыл басынан БҚО-да 50-ден астам адам жоғалған", - деді Дмитрий.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қазір жоғалғандарды іздестіру жұмысымен құқық қорғау органдары айналысып жатыр. "Әйелдің жоғалуы туралы өтініш тіркелді. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Әйелдің туыстары Иралия Камышеваның қайда екенін білетін адамдаға 102 немесе 87057610488 телефоны бойынша хабарласуды сұрайды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети