Оралда тапа-тал түсте ер адам VIP-номерлі жол таламайтын көлігінен шығып, жол жиегінде кіші дәрет сындырды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады. Заңбұзушылық түсірілген видео Instagram желісінде жария болып, қолданушылардың наразылығын туғызды.

Алайда полицияның мәліметінше, ер адам Орал тұрғыны емес болуы мүмкін. Видеода мас адамға ұқсайтын оның көлігінен шығып, жол жиегінде кіші дәрет сындырғанын көруге болады. Оқиға көшедегілердің көзінде болады. Автомобильдің номеріне қарағанда, оның иесі Батыс Қазақстан облысының тұрғыны, ал видеоға жазылған пікірлерде қолданушылар ер адамның прокуратураның қызметкеріне ұқсайтынын хабарлап отыр. Алайда БҚО ІІД өкілдері мұндай шешімді жасауға ерте екенін айтады.
© eap_kz\Instagram аккаунтының скриншоты
"Бұл видеоны көрдік. Номердің біздің облысқа жататыны рас, бірақ RR тек Астанада беріледі. Бұл жағайда өңірлік номер оның иесінің БҚО-да тіркелгендігін көрсетеді, бірақ ол барлық жақта тіркелген болуы мүмкін, тек Оралдың тұрғыны деуге келмейді", - деп хабарлады жол полициясының инспекторы Нұртай Лезов. Алайда полиция көлік иесін іздестіруді бастады.
"Біз видеоны басшылыққа көрсетуіміз керек. Біздің басшымыз бұл заңбұзушылықты қай бөлімге беретінін шешеді және біз көлік иесін зідеуді бастаймыз", - деп хабарлады БҚО ІІД Гүлжан Қанатова. - Жалпы мұндай құқықбұзушылық ұсақ бұзақылық түріне жатады".