ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 қаңтар 2018 15:33
Оралда жарылыстан денесінің 85 пайызын күйік шалған әйелдің жағдайы жақсарды
Оралда осыдан екі ай б?рын жарылыстан денесіні? 85 пайызын к?йік шал?ан ?селім Ны?метованы? жа?дайы жа?сарды, - деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымы.
Оралда осыдан екі ай бұрын жарылыстан денесінің 85 пайызын күйік шалған Әселім Нығметованың жағдайы жақсарды, - деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымы.
Басылымның мәліметінше, зардап шеккен әйел қазіргі уақытта өз бетінше тыныс алып, сөйлеп, тамақтана алады.
"Кеше осы күнге дейін тыныс алып келген түтікті алып тастады. Енді өз бетінше тыныс алып жатыр. Сөйлей де алады. Бірақ сөйлеу оған біраз қиындау болып жатыр", - деді әйелдің туысы.
Сондай-ақ, Әселім Нығметоваға төрт ота жасалғаны айтылады. Отаның барлығы теріні ауыстырып отырғызу түрінде жасалған.
Дәрігерлердің айтуынша, әйелге әлі тағы қанша рет ота жасау керектігі белгісіз. Барлығы да оның организміне және қайта қалпына келуіне байланысты екен.
Еске сала кетейік, осыған дейін Оралда газ баллонының жарылуынан 37 жастағы әйелдің зардап шегіп, оның туыстарының көмек сұрағаны хабарланған болатын. Әйелдің бауыры Ерлан Нығметов әпкесінің Самараға жекеменшік жедел жәрдемнің арнайы көлігінде жеткізілгенін айтқан еді.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу