23 қараша 2017 09:43

Оралда жарылыстан денесінің 85 пайызын күйік шалған әйелдің туыстары көмек сұрайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әселім Нығметова. © ktk.kz Әселім Нығметова. © ktk.kz

Оралда газ баллонының жарылуынан зардап шеккен Әселім Нығметова Самарада орналасқан Пирогов атындағы № 1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. 37 жастағы әйел Ресейге күйеуі Русланмен бірге барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оралда газ баллонының жарылуынан зардап шеккен Әселім Нығметова Самарада орналасқан Пирогов атындағы № 1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. 37 жастағы әйел Ресейге күйеуі Русланмен бірге барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Клиникалық ауруханадағылардың айтуынша, денесінің 85 пайызын күйік шалған әйелдің жағдайы тұрақталды. Әселім Нығметова өз бетінше отырып-тұра алады, тамақ та іше алады. Осыған дейін қазақстандық дәрігерлер әйелдің ауруханаға жетуге мүмкіндігі жоқ екенін айтқан еді.

"Самарадағы профессор Ковалев зардап шеккен әйелді қарап шықты. Оған емнің дұрыс жүргізілгенін айтты. Бірақ зардап шеккен әйелдің туыстары оны Самараға жеткізгісі келді", - деді Оралдағы облыстық клиникалық аурухананың директоры Ерлан Тоқсанов. 

Әйелдің бауыры Ерлан Нығметов әпкесінің Самараға жекеменшік жедел жәрдемнің арнайы көлігінде жеткізілгенін айтты.

"Ресейлік дәрігер Әселімді тезірек клиникаға жеткізу керектігін айтты. Денесін қатты күйік шалған. Клиникада кем дегенде бір жыл уақыт жатуы керек. Оның аяққа тұратынына сенеміз", - деді Ерлан Нығметов.

Туыстарының айтуынша, Пирогов атындағы клиникада ем алу ақылы болады. Оларға кем дегенде 5 миллион теңге керек. Сол себепті отбасы бей-жай қарай алмайтын адамдардан көмек сұрайды. Туыстарымен байланысқа шығу үшін мына нөмір бойынша - 8-707-404-12-80 хабарласуға болады.

Еске сала кетейік, Зашаған ауылында газ баллоны жарылып, алты адам зардап шеккен болатын: үш бала мен үш ересек. 37 жастағы Әселім Нығметова жүктігілігінің жетінші айында болған, бірақ дәрігерлер баланың өмірін сақтап қала алмады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети