Оралдағы ойын алаңында 7 жастағы бала саусағынан айырылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралдағы ойын алаңында 7 жастағы бала саусағынан айырылды Фото:instagram.com/zaki_consulting

Оралдағы ойын алаңында 7 жастағы бала саусағынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралдағы ойын алаңында 7 жастағы бала саусағынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" сайтына сілтеме жасап.

Жеті жасар баланың кішкентай саусағы "Сарытау" ықшамауданындағы балалар алаңында орналасқан сырғанақтың ағаш тақтайы мен темір қаңылтыры арасында қалып қойған. Оқиға туралы жергілікті қоғам қайраткері Бауыржан Ахметжан мәлімдеді. Оның айтуынша, темір тіректердің жылжуына байланысты саңылау пайда болған.

"Әкімдіктің кінәсі деп санаймыз - олар өз нысандарын бақылаусыз қалдырып, тіпті оларды жөндемейді. Ата-аналар да балалар ойын алаңын мұқият қарап шықпай, абайсыз әрекет етеді", - деді Бауыржан Ахметжанов.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бала түскен кезінде жағдайы орташа ауыр болғанын хабарлады. Балаға саусағын кесіп, дезартикуляциялау операциясы жасалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети