19 қыркүйекте "Вишенка" саяжай қауымдастығындағы үйдің жертөлесінен табылған, - деп хабарлайды "Мой город" порталы.
19 қыркүйекте "Вишенка" саяжай қауымдастығындағы үйдің жертөлесінен табылған, - деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Көршісінің айтуынша, полицейлер оқиға орнына кешкі сағат 21.00-де келген.
"Қараңғы болатын, полицейлер келгенде айғай шудың неліктен болып жатқанын білу үшін мен сыртқа шықтым, олар маған көршіңіздің жертөлесінде бетондалған мәйіт табылды деді", - деп түсіндірді саяжайлық қауыммдастықтың тұрғыны. "Полицейлер мен құтқарушылар келіп жатты. Мен түнгі 12-лерде жаттым, ал олар бұрғылап тесіп жатты. Бұл үйде бір жас қыз бір ер адаммен тұрады. Түнде, мәйітті шығарған уақытта үй иелерін полиция алып кетті", - деді ол.
Жертөле үйдің артқы ауласында орналасқан. Қазіргі кездің өзінде үйдің сырты сары ленталармен қоршалған, үй иелері жоқ. Төтенше жағдай егжей-тегжейлі тексеріліп жатыр.