25 қазан 2017 | 08:32

Оралдық экс-шенеунік кәсіпкер әйелдің жүрегін жаулай алмай, оны өлтіремін деп қорқытқан - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz иллюстрациясы © Tengrinews.kz иллюстрациясы

Орал қалалық полициясы Батыс Қазақстан облысы бойынша көлік инспекциясының экс-басшысын іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды "Уральская неделя".


Иконка комментария блок соц сети

Орал қалалық полициясы Батыс Қазақстан облысы бойынша көлік инспекциясының экс-басшысын іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды "Уральская неделя".

Басылымның мәліметінше, редакцияға полиция қызметкерлерінің ішкі құжаты келіп түскен. "Нақтырақ айтсақ, бұл - бағыттама, Мұны Орал ІІБ басшысы, подполковник Мирлан Әйкенов БҚО ІІД аппаратына, қалалық ІІБ Іздестіру басқармасына және жол-патрульдік полиция батальонына жолдаған", - деп жазған басылым. 

Құжатта БҚО бойынша көлік инспекциясының экс-шенеунігі Руслан Мұқанов бизнес-леди Елизавета М. (өзгертілген - "УН") деген азаматшаны өлтіремін деп қорқытқан. 

"Жеке құрамды азамат Мұқановты іздестіруге және ұстауға бағыттауды сұраймын", - делінген құжатта. 

Кәсіпкер әйелдің өзі болса, Мұқановтың оған түнгі уақытта мас күйде телефон соққанын және сүйетінін айтқан. Ал әйел полицияға арызданатынын айтқанда, ол проблемалар шығуы мүмкін екенін айтқан. Әйел ақыры полицияға арыз жазған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети