Оралдық кейуана пәтерде қайтыс болған құрбысымен 3 күн тұрған

Оралдық кейуана пәтерде қайтыс болған құрбысымен 3 күн тұрған © mgorod.kz

Оралда пәтерлердің бірінен зейнеткер әжейдің танысының өлі денесі табылған. Пәтер иесі сыртқа шыға алмағандықтан көршілер құтқарушыларды шақырған, - деп хабарлайды "Мой город". 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда пәтерлердің бірінен зейнеткер әжейдің танысының өлі денесі табылған. Пәтер иесі сыртқа шыға алмағандықтан көршілер құтқарушыларды шақырған, - деп хабарлайды "Мой город". 

Көршілерінің сөзінше, пәтерде 78 жастағы әже тұрған. 

"Ол бұл пәтерде көптен бері тұрады. Шамамен бес жыл бұрын оның күйеуі қайтыс болған, ал қызы Мәскеуде тұрады. Жалғыз қалған, көршілері жәрдемдесіп тұратын. Балконға шыққан кезде жарық жанып тұрса, бәрі дұрыс деген сөз. Осымен бір аптадай жарығы сөніп тұрды, есіктің алдындағы квитанцияны да ешкім алмаған. Оған бұрыннан бірге істейтін танысы барып қайтты. Көрінбей кеткеннен кейін, көршілері іздей бастады. Полицияға барып, арыз жазып, артынан құтқарушыларды шақырдық. Қызына да хабарластық. Есікті бұзып кірсе, әжейдің танысы қайтыс болған екен", - дейді көршісі. 

Құтқаршылар есікті бұзып кірген кезде пәтер иесі сол жерде болған. Ол іштен есік аша алмаған.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, 57 жастағы әйелдің денесінен зорлық белгілері анықталмаған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети