20 қыркүйек 2024 | 10:20

Өртенген көліктен 5 адамды алып шыққан ер адам оқиға туралы: Құтқарыңдар деп айғайлап жатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында жолда өртенген көліктен 5 адамды алып шыққан ер адам оқиғаның қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында жолда өртенген көліктен 5 адамды алып шыққан ер адам оқиғаның қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

13 қыркүйекте, жұма күні Жамбыл облысындағы Мойынқұм мен Шу аудандарының арасындағы республикалық тасжолда ірі жол апаты болды. Оқиға салдарынан әйел адам мен оның сәбиі бақилық болды. Мәди Әлиев оқиғаны көре салысымен көмекке жүгірмегенде бұл апат салдарынан жан тапсырғандар саны көп болар ма еді. Өйткені ол жанып жатқан көліктен жүргізушіні және жолаушыларды сыртқа алып шыққан. Ер адам қас-қағым сәтте әрекет етіп үлгерген, себебі санаулы сәттен кейін қызыл жалын шарпыған көлік жарылып, күлі көкке ұшқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от JAMBYL-TARAZ интернет-арнасы (@jambyltaraz_channel)

Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, 2024 жылы 13 қыркүйекте сағат 15:45-те "Мерке-Шу-Бурылбайтал" республикалық автожолының 139-шақырымында "Газ-27057" маркалы автокөліктің жүргізушісі жүк көлігін озамын деп, қарама-қарсы бағытта келе жатқан "Ауди С4" көлігімен соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан неміс автокөлігі өртенген. Соққы салдарынан өртенген көліктің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Осы көліктің жүргізушісі мен тағы екі бала түрлі жарақатпен аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Осы оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Автокөліктер мамандандырылған айыптұрағына жеткізілген. Тергеу жүріп жатыр", - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Мәди Әлиев Massaget.kz тілшісіне берген сұхбатында апатты көрген бетте ойланып тұруға уақыт болмағанын айтады.

"Апат болған кезде мен 200 метрдей жерде келе жаттым. Дереу жанына барып тоқтадым да, өртеніп жатқан көліктің ішінде адамдар өздігінен шыға алмай жатқанын көрдім. Жүргізуші құтқарыңдар деп айғайлап жатты. Есікті бірден аша алмадым, терезесін сындыра бастадым. Тағы бір адам жүгіріп келіп көмектесті. Жүргізушіні шығарып жатқанымда, нәрестенің жылаған дауысы естілді. Оны шығарып алдық. Артында отырған әйелге жақындағанымда, қайтыс болып кеткенін аңғардым. Тағы бір баланы алып шыққаным сол еді, көлік жарылды. Жалпы өте ауыр жағдай, есесіне бұл кісілер менің ауылдастарым, күнде көріп, жақсы танитын адамдарым. Құдай басқа салмасын!", - дейді Мәди Әлиев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мойынқұм Ауданы (@moiynkumakimdigi)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети