© Yk-news.kz
Интернетте Өскемен көшелерінде ақ арыстандармен қыдырып жүрген екі ер адамның суреті пайда болды, - деп хабарлайды YK-news.kz.
Интернетте Өскемен көшелерінде ақ арыстандармен қыдырып жүрген екі ер адамның суреті пайда болды, - деп хабарлайды YK-news.kz.
Басылымның мәліметінше, сурет әлеуметтік желілерге бір сағат бұрын жарияланған. Арыстандардың Демидовтар циркіне тиесілі екені анықталды. "Жануарлар біздікі. Бұл үйретілген сегіз айлық арыстандар. Олар тұрғындарға ешқандай қатер туғызбайды", - деді цирк ұйымдастырушысы.
Айта кетейік, құқық қорғау органы қызметкерлері суретті зерттейтіндерін айтты. Егер заң бұзушылық анықталса, цирк ұйымдастырушылары жауапкершілікке тартылатын болады.