Шығыс Қазақстан облысында MSK-64 шкаласы бойынша 2-3 балл болатын жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мен "ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мекемесіне сілтеме жасап.

Дүмпулер 6 сәуір күні Астана уақыты бойынша 21.07-де сезілген. "Шығыс Қазақстан облысының Өскемен, Риддер және Зырян қалаларында MSK-64 шкаласы бойынша 2-3 балл болатын жерасты дүмпулері сезілді. Құрбан болғандар мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 1111 шақырым қашықтықтан, Ресей Федерациясы аумағынан анықталған. Оның энергетикалық класы - 13,1-ге тең, магнитудасы - 5,5.
Бүгін, 7 сәуір күні Астана уақыты бойынша 05.32-де Алматыдан шығысқа қарай 129 шақырым қашықтықта тағы да жер сілкінісі болды. Магнитудасы - 4,6. Тербелістің жергілікті тұрғындарға әсері туралы мәлімет жоқ.
Еске сала кетейік, мұның алдында 4-5 сәуір күндері Алматы облысы аумағында екі рет жер сілкінісі тіркелген болатын. Олардың эпицентрі Алматыдан 88 шақырымда және 320 шақырымда анықталды.