21 желтоқсан 2016 10:26

Өскеменде 15 жастағы оқушы қыз түсініксіз жағдайда жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет жеке мұрағатынан Сурет жеке мұрағатынан

Өскеменде мектепке кетіп, сол күйде оралмаған 15 жастағы оқушы қызды іздестіріп жатыр. 19 желтоқсан күні облыс орталығында түсініксіз жағдайда Наталья Угольникова жоғалып кетті. Жасөспірім таңғысын сабққа кеткенімен, ол күні сыныптастары қызды мүлде көрмеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Белгісіз біреулер оның әлеуметтік желідегі парақшасын жойып, жаңа аккаунт ашқан.

Тоғызыншы сынып оқушысының із-түссіз кеткені туралы хабар әлеуметтік желілер арқылы таралды. Ол үстіне жасыл куртка, ақ-сұр бас киім, қара ботфорт пен қара шалбар киген болатын. Қыз бала Защита аумағындағы мектепте оқиды.

"19 желтоқсан күні балалар сенбідегі демалыс үшін сабақта болды. Наташа мектепке кешігіп жатты, сондықтан таңғысын өте асығыс кетті. Сол күйде үйге келмеді. Біз достарына қоңырау шалып, мұғалімдеріне бардық, іздемеген жеріміз қалмады. Ол мектепте болмаған, екі ортада жоғалып кетіп отыр. Жақын уақытта туыстарымен де, достарымен де жанжалдасқан жоқ. Соңғы кезде сабақ үлгерімі сәл төмендеді, бірақ қорқатындай ештеме емес еді. Ол кешігетін болса, үнемі ескертіп отыратын. Ұзақ уақытқа кетпейтін. Ешқандай хат немесе өзі туралы қандайда бір ақпарат қалдырмады. Оны полиция мен бей-жай қала алмаған адамдар іздеп жатыр, ертең Защита аумағында іздеу жұмыстары жүреді. Кеше оның әлеуметтік желідегі парақшасын белгісіз адамдар жойып, жаңа акаунт ашып қойған. Біз ол адаммен байланысқа шығуға тырыстық, бірақ ол мүлде жауап бермейді”, - дейді жоғалып кеткен оқушының тәтесі Екатерина.

ШҚО ІІД өкілдері жоғалып кеткен қызды іздестіріп жатқанын растады. Натальяны іздеуге көмектесіп жатқан еріктілер бей-жай қала алмайтын барлық тұрғындарды іздеу жұмыстарына қосылуға немесе қыздың орналасқан жері туралы ақпаратты 87770645222 немесе 87770637801, 87770637614 телефондары арқылы хабарлауын өтініп отыр. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети