Өскеменде көлік тұрағында 16 жастағы қыз үш жасар баланы қағып кетті. Оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі ilove_ukg парақшасынла жариялады. Әлеуметтік желілерде куәгерлер бұл жағдайдың анасы кәмелетке толмаған қызына көлік жүргізуне рұқсат бергенінен кейін болды.
Жол апаты 22 маусымда шамамен сағат 17.00-де болған.
"Шамамен сағат 16.30-да кәмелетке толмаған 2002 жылғы қыз "Киа Рио" көлігінің тізгінінде отырып, Сәтбаев даңғылындағы көлік тұрағында артқа жүріп, көлікті басқара алмай, 2015 жылғы баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Өскеменнің ІІБ баспасөз хатшысы Әсел Әміренова.
Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!