Өскеменде 17 жастағы жігіт жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде 17 жастағы жігіт жоғалып кетті

Өскеменде бірнеше күн бұрын жоғалған 17 жастағы Ерзат Ғазизов іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды YK-news.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде бірнеше күн бұрын жоғалған 17 жастағы Ерзат Ғазизов іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды YK-news.kz.

"9 маусымда Ерзат ата-анасымен "Ивушка" дүкенінің маңындағы Асханада түскі ас ішкен. Сосын ол белгісіз бағытта кетіп, одан кейін көрмедік", - дейді әпкесі Перизат. 

Туысының айтуынша, жігіт үйінде телефоны мен сөмкесін алып кеткен, өзінде тек куәлігі болыпты. 

"Достары оның Семейге кеткісі келіп жүргенін айтып отыр. Сөйтсек, ол бізге айтпастан, сол жаққа кетіп қалып жүрген екен", - дейді қыз. 

Туыстары оны іздеп таба алмаған. "Телефонын бұғаттапты, кеше ғана аша алдық. Бірақ ешқандай да мәлімет таба алмадық, бәрін өшіріп тастапты. Енді полицияға арыз жазамыз", - дейді әпкесі. 

Жоғалған күні Ерзаттың қара түсті джинс шалбары, футболкасы және қара кроссовкасы болған. Үстінде қара күртесі бар. Бойы шамамен 160 сантиметр, оң аяғын сылтып басады. Ерзат туралы хабары бар адамдардан 8 (777) 790 84 34 нөміріне хабар беру сұралып отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети