Өскеменде 22 жастағы әскери қызметкер жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде 22 жастағы әскери қызметкер жоғалып кетті © yk-news.kz

Өскеменде келісімшарт бойынша әскери қызметші, павлодарлық 22 жастағы Дәулет Ұрынтаев жоғалып кетті. Сарбазды іздестіру жұмысы бір апта бұрын басталған, - деп хабарлайды YK-news.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде келісімшарт бойынша әскери қызметші, павлодарлық 22 жастағы Дәулет Ұрынтаев жоғалып кетті. Сарбазды іздестіру жұмысы бір апта бұрын басталған, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Жігіттің туысы әрі бұрынғы қызметтесі Мәди Рахымбергенов басылымға былай деп айтып берген: "Біз Павлодарда тұрамыз, Дәулет те сол жақта туып-өскен. Ол Өскеменде келісімшарт бойынша қызмет етті, пәтер жалдап тұрды. 28 ақпанда шамамен сағат кешкі бесте оған старшина келген. Ал кешкі сегізде оған туыстары хабарласқанда телефоны сөндірулі болған. Жалдап тұрып жатқан пәтерінде де ешкім оны таппаған. Ата-анасы Өскеменге келіп, полицияға хабар берген. Әзірше нәтиже жоқ. Біз көріпкелдерге де хабар бердік, олар оны біреулердің Өскеменнен 14-20 шақырым жерде күштеп ұстап отырғанын айтты. Енді не істерімізді білмейміз...".

Жігіттің туыстарының айтуынша, оларға полициядағылар баласының жоғалғалы бері телефонының бір рет қосылғанын айтқан. Одан қоңырау Алматының маңында шалынған.

Шығыс Қазақстан облыстық ІІД өкілдері тілшілерге жігітті Әскери прокуратураның іздестіріп жатқанын мәлімдеді. "Ол жақта Дәулет Ұрынтаевты іздестіру жұмыстары бойынша жедел ақпарат алу мүмкін болмады", - деп жазады басылым.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети