27 ақпан 2017 | 15:02

Өскеменде анасы баласын өртеніп жатқан үйде ұмытып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде анасы баласын өртеніп жатқан үйде ұмытып кеткен. Құтқарушылардың үйде біреу бар ма деген сұрағына әйел адам "жоқ" деп жауап берген. Құтқарушылар үйде тінту жүргізу барысында кішкентай баланың мәйітін алып шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Өскеменде анасы баласын өртеніп жатқан үйде ұмытып кеткен. Құтқарушылардың үйде біреу бар ма деген сұрағына әйел адам "жоқ" деп жауап берген. Құтқарушылар үйде тінту жүргізу барысында кішкентай баланың мәйітін алып шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО ІІД мәліметінше, оқиға болған кезде үй иесі құрбыларымен бірге спирттік ішімдік ішіп отырған. Үйде тағы кәмелет жасына толмаған үш бала болған. 14 жастағы жасөспірім туғандарын оятып, інісін сыртқа алып шыққан. Үйден барлығы шығып үлгерген. Көршілер мен шақырылған полицейлер үйде тағы біреулердің бар-жоғын сұраған. Осы кезде әйел адам үйде ешкім жоғын айтқан. Мұндай жауапты ол құтқарушыларға да берген. 

"Зал бөлмесі сөндіріліп жатқан кезде өрт сөндірушілер баланың мәйітін тапты, оның жасы шамамен 2,5-те болған. Оның анасы полицияға тапсырылды. Өрт аумағы 120 шаршы метр болды. Өрт көрші үйге түсіп, кіреберісі мен шатыры өртенген. Өрттің ары қарай тарауы дер кезінде тоқтатылды", - деді ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Негізгі нұсқа бойынша, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағандықтан осындай қайғылы оқиға болған. Құқық қорғау органдарында полицейлер қайтыс болған баланың анасынан жауап алып жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети