Өскеменде апат салдарынан автобустың екі жолаушысы зардап шекті

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде апат салдарынан автобустың екі жолаушысы зардап шекті

Өскеменде қоғамдық көлік жеңіл автокөлікпен соқтығысып қалды, салдарынан салондағы екі жолаушы зардап шекті, - деп хабарлайды YK-news.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде қоғамдық көлік жеңіл автокөлікпен соқтығысып қалды, салдарынан салондағы екі жолаушы зардап шекті, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Жол-көлік оқиғасы 19 қыркүйекте Сатпаев даңғылында болған. 

"58 жастағы автобус жүргізушісі № 43 бағыт бойынша қозғалып бара жатып, алдында келе жатқан Subaru көлігін қағып кетті. Екі жолаушы жеңіл жарақат алды", - деп хабарлады Өскемен қалалық полиция басқармасының өкілі. 

Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. 

Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасының салдарынан кептеліс пайда болған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети