Өскеменде әскери техника мектеп қоршауын қиратып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде әскери техника мектеп қоршауын қиратып кетті

Өскеменде жергілікті университетке жеткізілген әскери техника тар жолға сыймай, мектептің қоршауын қиратып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде жергілікті университетке жеткізілген әскери техника тар жолға сыймай, мектептің қоршауын қиратып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін таңертең әлеуметтік желілерде әскери техниканың мектеп қоршауын қиратқан сәті түсірілген видео пайда болды. Қолданушылар танктің Өскеменде не істеп жүргені және ауқымды техниканың неліктен №43 мектептің маңында пайдаланылғаны жайлы сұрақтар қойды.

"Біздің университетіміздің корпусы мектептің маңында орналасқан. Онда әскери кафедра бар. Видеоға түсіп қалған техника танк емес, ол өз бетімен жүретін гаубица. Оны Қорғаныс министрлігі болашақта жаттығулар жүргізу үшін біздің университетке берді. Оны оқу-жаттығу мақсатында қолданамыз. Гаубица ауқымды, оған тар жолдан өту керек болды. Сондықтан да осындай жағдай болып қалды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ", - деді ШҚО-дағы Серікбаев атындағы Мемлекеттік техникалық университеттің баспасөз қызметіндегілер.

Ал №43 мектептегілер бұл оқиғада оқушылардың зардап шекпегенін айтты. Қазіргі уақытта мектеп қоршауын жөндеу жұмыстары талқыланып жатыр.

ШҚО ІІД өкілдері құқық қорғау органдарына осы дерек бойынша ешкімнен шағым түспегенін және олар зардап шеккендер жайлы хабар алмағанын айтып отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети