Өскеменде автобус 10 жастағы баланы қағып кетті, деп хабарлайды аймақтық Yk.kz порталы.
Өскеменде автобус 10 жастағы баланы қағып кетті, деп хабарлайды аймақтық Yk.kz порталы.
ЖКО 19 шілде күні 18 сағаттың шамасында "Гагарин гүлзары" аялдамасында болған. №3 бағыттағы автобустың жүргізушісі 10 жастағы баланы қағып кеткен. Жәбір көрген бала басынан ауыр жарақат алып, аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің мәлімдемесі бойынша, 2014 жылғы алты айдың ішінде балаларға қатысы бар 77 жол-көлік оқиғасы тіркелген, онда кәмелетке толмаған төрт жеткіншек қайтыс болып, 86 бала жарақат алған.
Былтырғы жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, балалар зардап шеккен апаттар саны 21,4 пайызға төмендеген. Әрі әрбір жетінші ЖКО балалардың өздерінің кінәсінен болған, қалған 66-сы жүргізушілердің кінәсінен, бұл балаларға қатысты барлық ЖКО санының 85 пайызын құрайды.