Өскеменде автобус өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде автобус өртеніп кетті ©Тengrinews.kz

Өскеменде қоғамдық бағыттағы автобус өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде қоғамдық бағыттағы автобус өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Автобус қала аялдамаларының бірінде тұрған кезде өрт шыққан. Әп-сәтте автобус қызыл жалынға оранды. "ПАЗ" салонында жолаушылар болған жоқ, өртті сөндіру кезінде көлік жүргізушісінің сол жақ білегі күйіп қалды. Зардап шегушінің айтуынша, ол бақылаушының журналына тіркеліп, қайтып келген кезде автобустың түтіндеп жатқанын көрген. Түтін кейін ашық жалынға ұласқан. "Өртсөндірушілер келгенше, жүргізуші жалынды өзі сөндірмек болған, ол салонда өрт сөндіргіш екі құрал бар екенін ұмытып кеткен", - дейді баспасөз қызметі.

Оқиға орнында өртке қарсы қызметтің тоғыз маманы жұмыс істеді. "Егер бастапқыда өртті арнайы құралмен сөндірген кезде оның шығыны мұндай көп болмас еді", - дейді өртсөндірушілер.

Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысындағы Үржар - Бақты тас жолының 149-шақырымында жолаушылар автобусы өртенген еді. Volvo салонында Семейден Бақтыға жол тартқан адам болды. Олар зардап шеккен жоқ. Автобустың двигателі тұтанып, жалын салонды шарпыған. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети