Өскеменде автокөліктерді кімнің өртеп жүргені анықталды

29 Қыркүйек 2015, 18:10
0
Өскеменде автокөліктерді кімнің өртеп жүргені анықталды - Сурет әлеуметтік желіден алынған
Сурет әлеуметтік желіден алынған

Өскеменде автокөліктерді қасақана өртеген жігіт ұсталды, - деп хабарлайды YK-avto.kz.

Порталдың мәліметінше, өткен демалыс күндері облыс орталығында қаскөйлер бес көлікті өртеп жіберген. Полицейлер бұрын істі болған Алматы облысының тұрғынын ұстады. Ол көліктерді өртеді деген күдік бар.

"Космическаяда көліктерді өртеді деген күдікпен бұрын сотталған Алматы облысының 19 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазір онымен тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Ал Ворошиловада өртелген көліктерге қатысты іздеу шаралары әлі де жүргізілуде", - деді Өскеменнің ішкі істер басқармасындағылар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Өскеменде бір түнде бес бірдей автомобильдің өртеніп кеткені хабарланған болатын. Құтқарушылардың айтуынша, бірінші оқиға Космическая көшесіндегі аулалардың бірінде болды - Skoda автомобилі өртеніп, салдарынан қасында тұрған "ВАЗ-2115" да жанып кетті. Өртсөндірушілер келгенше екі автомобиль де қатты зардап шекті. "Бүгін түнде Ворошилов көшесіндегі автотұраққа қойылған "Москвич-424", "ВАЗ-21099" және Lada Granta өртеніп кетті, - деп хабарлады Өскемен ТЖД өкілдері. - Өрт шалған аумақ тоғыз шаршы метр болды". 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай