Өскеменде әйелімен жанжалдасып қалған ер адам үйін жарып жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде әйелімен жанжалдасып қалған ер адам үйін жарып жіберді

Өскемен тұрғыны әйелімен жанжалдасып, өз үйін өртеп жіберген. Ол газ балонынан біраз газ шығарып, үйін өртеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскемен тұрғыны әйелімен жанжалдасып, өз үйін өртеп жіберген. Ол газ балонынан біраз газ шығарып, үйін өртеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алкогольдік ішімдікке қатты мас болған ер адам әйелімен ұрысып қалған. Олар өздерінің жеке үйінде жанжалдасқан. Бір кезде ашуға булыққан ер адам газ балонына жүгірген. 

"Ол газ балонының жалғама құбырын кесіп тастаған. Жарылыс болып, артынша өрт шыққан. Өртті дереу сөндіріп үлгерген. Өрт салдарынан 1985 жылғы әйел мен 1982 жылғы ер адам күйіп қалған. Зардап шеккендердің өміріне еш қауіп жоқ", - деп түсіндірді Өскемен төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мамандары. 

Осы дерек бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері шара жүргізіп жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети