01 маусым 2015 | 15:01

Өскеменде бағбан көшеттердің үстін мемлекеттік тумен жауып жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Виктор Абакумов / yk-news.kz © Виктор Абакумов / yk-news.kz

Өскеменде бағбан әйел, көршілерінің айтуынша, бақшасындағы көкөністерінің үстіне мемлекеттік туды жауып жүр, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Өскеменде бағбан әйел, көршілерінің айтуынша, бақшасындағы көкөністерінің үстіне мемлекеттік туды жауып жүр, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Облыс орталығы тұрғындарының айтуынша, олар бағбан әйелдің бақшада жабынды ретінде мемлекеттік туды пайдаланып жүрген әрекетінің куәсі болған. Қазір ол жабынды жаңбырдан кейін кебуі үшін жіпте ілініп тұр. "Центр" серіктестігі бағбандарының айтуынша, мемлекеттік рәміз кескінделген жабындыны ол әйел осы маусымда пайдалана бастаған. Куәгерлердің айтуынша, ол туды жаңа егілген көкөністерінің үстіне төсеп қойыпты.

"Ту кеше ғана көшеттерге жылы болуы үшін доғаларға ілулі тұрды. Қазір жіпте ілініп тұр. Біз бұл Галинаға мемлекеттік рәмізбен бұлай істеуге болмайды деп бірнеше рет айттық, бірақ ол агрессивті түрде жауап берді, немен жапқым келсе, сонымен жабамын дейді. Бұл сонда қалай болғаны, бүгін тумен қызанағын жапса, ертең не болады? Полицияға хабарлау керек шығар", - деп өз наразылығын білдірді көрші саяжайда тұратын зейнеткер Алексей. 

Сонымен қатар, бағбанның көршілері оның үйінде тудың бірнешеуі барына сенімді. Бірақ әйелдің оны қайдан алғаны белгісіз.

"Саяжай иесімен кездесіп, сөйлесу өкінішке қарай мүмкін болмады", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, ҚР мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібін бұзғандар үшін елімізде әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған, ол үшін 200 АЕК көлемінде (396 400 теңге) айыппұл салынады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети