Облыс орталығында қызын мектептен алып қайтпақшы болған бір әйел алты жасар қыз баланы ұрып-соқты, - деп хабарлайды YK-news.kz.
Облыс орталығында қызын мектептен алып қайтпақшы болған бір әйел алты жасар қыз баланы ұрып-соқты, - деп хабарлайды YK-news.kz.
Порталдың мәліметінше, 32 жастағы әйел қызын күтіп мектептің дәлізінде телефонмен сөйлесіп тұрған. Күтпеген жерден сабаққа асығып, жүгіріп бара жатқан оқушы қыз әйелге соғылып қалыпты.
"Аяғына келіп соғылып қалған қызға қатты ашуланған әйел оны қуып жетіп жағасынан алған. Ол оқушыны көтеріп алып, бетінен осып-осып жіберіпті. Бұл әрекетін азсынған ол бірінші сыныптың оқушысын бірнеше рет тепті", - делінген жарияланымда.
Әйел сотта бұл әрекетін былай түсіндірді: сол күн сәтсіз болып, оның сіркесі су көтермеген, ал баланың келіп соғылып қалғаны әйелді қатты ашуландырыпты.
Айта кетейік, Өскеменнің №2 соты жеңіл дене жарақаттарын салғаны үшін әйелді 60 сағатқа қоғамдық жұмысқа жегіп, 30 мың теңге көлемінде моральдық шығынды өтеу жазасын кесті.