Өскеменде былтыр жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

Өскеменде былтыр жоғалып кеткен ер адам өлі табылды Фото: Устинка LIVE

Өскеменде былтыр қазанда із-түссіз жоғалып кеткен Михаил Скоснягиннің денесі өзен жағасынан табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап. 

Өскеменде былтыр қазанда із-түссіз жоғалып кеткен Михаил Скоснягиннің денесі өзен жағасынан табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап. 

36 жастағы Скоснягин 2018 жылы 23 қазанда жоғалып кеткен болатын. Одан бір күн бұрын Алтай ауданындағы Ново-Крестьянка ауылының тұрғыны жалақысын алып, көрші ауылдағы дүкенге атпен кетіп қалған. Келесі күні ат қожайынсыз үйге оралған. 

Скоснягиннің әпкесі Татьяна сол күні бауырының ауыл дүкеніне барып, бірнеше рет спирттік ішімдіктер сатып алғанын анықтаған. Іздеу шаралары нәтиже бермеген еді. 

Жарнама
Жарнама

"12 сәуірде ол кеткен Соловьево ауылын кезекті рет қарап шыққан едік. Оны өзен жағасынан таптық", - деді Татьяна. 

Алтай ауданы полиция бөлімі басшысының орынбасары Рустам Надыровтың айтуынша, Скоснягиннің денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Оның қалтасынан ұялы телефон мен 12 мың теңге табылған. Қазір тергеу жүріп жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама