29 сәуір 2019 14:18

Өскеменде екі апта бұрын жоғалып кеткен әйел табылды

Фото Тұрар Қазанғапов©

Өскеменде екі апта бұрын жоғалып кеткен Анна Храмцова өз үйінің маңынан табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде екі апта бұрын жоғалып кеткен Анна Храмцова өз үйінің маңынан табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап. 

Красин ауылының тұрғыны Храмцова 12 сәуірде үйінен шығып кеткен. Әйел адамды іздеу жұмыстары екі аптаға созылды. 

Реклама
Реклама

Өткен демалыста еріктілер тобына тұрғындардың бірі хабарласып, Храмцованы Красин ауылынан көргенін айтқан. Тұрғын көрсеткен орынға жедел топ барып, жекеменшік үйлердің бірінен Анна Храмцованы тапқан. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, жергілікті тұрғындар Аннаның киімі ауа райына сай болмағандықтан, оған көңіл аударған. Қазір Анна Храмцова туыстарына оралды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram