20 желтоқсан 2016 15:54

Өскеменде ер адам өзі соққыға жыққан жігітті үйіне дейін шығарып салып, пәтерін тонап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Өскеменде ер адам жігітті ұрып-соғып, кейіннен оның планшетін тартып алған. Онымен қоса, қаскөй зардап шеккен жігітке оны үйіне дейін шығарып салуды ұсынған. Салдарынан тонаушы оның үйін тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өскеменде ер адам жігітті ұрып-соғып, кейіннен оның планшетін тартып алған. Онымен қоса, қаскөй зардап шеккен жігітке оны үйіне дейін шығарып салуды ұсынған. Салдарынан тонаушы оның үйін тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін сотты болған 28 жастағы өскемендік танысы өткізіп жатқан кешке келген. Содан ол кеште планшетпен жүрген жігітті байқайды. Ішімдік ішіп алған ер адам планшет ұстап жүрген жігітке шабуылдап, бірнеше куәгердің көзінше оны ұрып-соққан. Осылайша, қонаққа келген ер адам оның планшеті мен смартфонын тартып алады. Содан гаджеттерінен айырылған жігіт үйіне жиналып жатқанда қаскөй оны шығарып салмақшы болады. Ер адам бұл мейірімді әрекетін әрең тұрған жігітке уайымдап отырғанымен түсіндірген.

Ең қызығы, соққыға жығылған жігіт оның бұл ұсынысына келісімін берген. Кейінірек ол ер адамның оны тонамақ болғандықтан үйіне дейін шығарып салғысы келгені анықталды. Содан жігіттің үйіне келген бетте қаскөй оны тағы да соққыға жығып, пәтерін тонап кеткен. Осылайша тонаушы пәтерден 160 мың теңге көлеміндегі бағалы заттарды алып кеткен.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Сонымен қатар, тонаушыдан екі рет соққы көрген жігіттің пәтерді жалдап тұратыны және ондағы барлық мүліктің пәтер қожайынына тиесілі екені анықталды. Осыған байланысты Өскеменнің №2 соты ер адамды тонау және біреудің үйіне заңсыз кіру деректері бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ер адам жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети