Өскеменде көлік полицейлері жеке үйлердің бірінің қорасында ақшаға толы сейфті тауып, тәркіледі. Оның ішінде 1 миллион 600 мың теңге болған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігінің Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел іздестіру шараларының барысында Өскемендегі защита станциясының Желілік ішкі істер бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлерінің қаладағы жеке үйлердің біріндегі қорадан сейфті тапқаны және тәркілегені хабарланды. Бұл сейфтің 2013 жылы қаладағы жеке фирмалардың бірінің кеңсесінен ұрланғаны белгілі болды. Оның ішінде 1 681 761 теңге ақша табылды.
Қазіргі уақытта ұрлық жасады деген күдікпен үйдің 43 жастағы егесі ұсталды. Іс материалдары Өскеменнің ІІБ Үлбі полиция бөліміне жіберілді. Тергеу жүріп жатыр.