Өскеменде жол апатынан бір әйел қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өскеменде жол апатынан бір әйел қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қайғылы жағдай 14 ақпан күні сағат 20.00-де Абай және Михаэлис көшелерінің қиылысында болған. Облыстық ІІД мәліметтері бойынша, екі көлік соқтығысып қалды.
"Алдын ала мәлімет бойынша, Lada Priora солға қарай бұрылып бара жатып, қарама-қарсы бағытта келе жатқан Toyota Rav 4 автокөлігіне жол бермеген, ол қатты соққыдан жолдың шетіне ұшып кетіп, жарнама қойылған бағанаға барып соғылды", - деп хабарлады ІІД мамандары.
Соққының қатты болғаны сонша, адамдарды автокөліктің салонынан құтқарушылардың көмегімен шығаруға тура келді.
Екі көліктің де жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Rav 4 автокөлігінің 22 жастағы жолаушысы ауруханаға барар жолда жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Оның таныстарының айтуынша, әйел жүкті болған.
"Әйел расымен де жүкті болатын, іші үлкен, мен өзім оның тамыр соғысын тексердім… Түнімен көз ілмедім, жаңалық күттім", - деді жол апатына куә болған Ольга.
"Ол біздің мектепте мұғалім болатын, есімізде сақтаймыз, ол егіз балаға жүкті еді", - деп жазылды жергілікті сайтта. "Есімізде сақтаймыз, жақсы көреміз және қайғырамыз, Мадиночка. Өте қорқынышты. Мектептегілердің көзінен жас тоқтар емес", - деп жазды қаза болған әйелдің әріптесі.
Куәгер жолдаған сурет.
Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан мамандар әйелдің ішінің үлкен болғанын және жүктіліктің үлкен мерзімінде болғанға ұқсайтынын растады, алайда ресми мәлімет сараптамадан кейін ғана беріледі, қазіргі таңда қылмыстық өндіріс шеңберінде сараптама тағайындалып, іс ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қозғалды.