Өскеменде қоқыс үйіндісінен адам сүйектері табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде қоқыс үйіндісінен адам сүйектері табылды

Өскеменде қоқыс үйіндісінен адам сүйектері табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде қоқыс үйіндісінен адам сүйектері табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Экологтар адамның сүйектерін кездейсоқ тауып алғанын айтады. Мамандар рұқсат етілмеген жерге қоқыс төгу бойынша айтылған шағым мәселесі бойынша келген. Ал құрылыс маңынан адамның сүйектері табылған. 

"Жоспарлы рейд жүргізу кезінде осы маңнан өтіп бара жатып, адам сүйектерін тауып алдық", - дейді Экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Анатолий Филиппов.

"Шамамен жер қазылып, топырақ алынған. Ол жерде адам көмілген болу керек, заңды ма, әлде қылмыстық па, әзірге белгісіз. Қазу жұмыстарын кім жүргізгені белгісіз", - дейді Филиппов. 

Мамандар ол жерді аралап жүріп жақын жерден тағы бірнеше сүйек тауып алған. Оқиға орнына полицейлер шақыртылды. Олар аумақты қоршап, экологтардан жауап алды. 

"Қанша бассүйек пен өзге де мүше сүйектері жатқаны белгісіз. Төгіп тастаған топырақты толық қарап шыққан соң белгілі болады. Әрине, жұмысымыз жағымды емес, бірақ ол адамдардың кім болғанын анықтау қажет", - дейді тағы бір маман Елена Полянцева.

Қазіргі кезде сүйектер табылған орында жедел әрекет пен криминалистердің бірнеше тобы жұмыс істеп жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети