Өскеменде күйеуінен қорыққан әйел үй терезесінен граната лақтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде күйеуінен қорыққан әйел үй терезесінен граната лақтырды ©n71.ru

Өскемен тұрғыны күйеуінен қорқып, үйінің терезесінен граната лақтырып жіберді, - деп хабарлайды YK-news.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскемен тұрғыны күйеуінен қорқып, үйінің терезесінен граната лақтырып жіберді, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Оқиға 25 сәуірде болды. Қаладағы үйлердің бірінде тұратын тұрғындар сенбілік кезінде граната тауып алды. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары граната табылған жерді қоршауға алып, қауіпті затты тәркіледі. Жауап алу кезінде тұрғындардың бірі гранатаның оның күйеуіне тиесілі екенін мойындады. Сөйтсе, күйеуі оны гранатамен жиі қорқытады екен. Әйел одан қорыққаннан кейін гранатаны терезеден лақтырып жіберген.

Полиция қызметкерлері қаруды заңсыз сақтаған күдіктіні ұстады. "Тексеру кезінде гранатаның моделі "Ф-1" екені және оның жауынгерлік қару екендігі анықталды", - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз өкілдері, - Снаряд әскери бөлімге жіберілді, онда қарудың көзі жойылады. Граната иесі тергеу изоляторына қамалды, оған қатысты ҚР ҚК 287-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам гранатаның өзіне тиесілі екенін жасырмады, бірақ оның жарылғыш затты қайдан алғаны белгісіз қалып отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети